Бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша кеңес отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша кеңес отырысы өтті

03.10.2019

Бюджет нақты және нәтижелі болуы тиіс. Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңестің отырысында қазына қаржысын тиімді жұмсау тетіктері қаралды. Кеңес жұмысын осы жылдың сәуірінде бастаған. 2020 жылдың мамыр айында 2021 жылдан 23 жылға дейінгі кезеңге, бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарды жаңа түрде ұсынбақ. Сала мамандарының айтуынша, барлық мемлекеттік құрылымдарға арналған жаңа сипаттағы жоспар биылғы жылдың соңына дейін бекітіледі.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының спикері:

Біздің өңірлердегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жағдай бойынша әлі күнге дейін карта әзірленбеген. Мекемелер тек өз бюджеттерінің жобаларын әзірлей бастаған сәттен бастап, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен өзара тығыз жұмыс істеуі тиіс. Бұл жоспарланған шығыстарды салудың орындылығын уақтылы бағалау тұрғысынан өте маңызды.

Индира БЕГАЙДАР 


Хабарламаларға жазылу