Президент «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады

03.10.2019

Бүгін Сочиде «Валдай» халықаралық пікірталас клубының XVI отырысы аяқталады. Төрт күнге созылған шараның қорытынды жиынына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатыспақшы. Ол Ресей Президентінің арнайы шақыруымен бүгін Сочиге ұшып келді. Шараға 37 елден 140-тан астам сарапшы қатысуда. 

Пленарлық сессияда Қазақстан мен Ресей Президенттерінен бөлек, Әзірбайжан, Филиппин, Иордания секілді Шығыс Азия елдерінің басшылары да сөз сөйлейді. Өйткені «Валдайдың» XVI отырысы әлемдік саяси құрылымдағы Шығыс елдерінің рөлін талқылауға арналған. Яғни, қазіргі геосаяси жағдайға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық дамудың келешегі және Таяу Шығыс мәселелері қаралады. 

Сондай-ақ, жоспар бойынша жалпы отырыстың алдында Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізбекші.

Андрей Фурсенко, РФ Президентінің көмекшісі:

Біз бір кездері Шығыс және Африка елдерімен қарым-қатынасты мүлде ұмыт қалдырдық. Ұмыттық дегеннен гөрі, кейін ысырып қойдық деген де жөн болар. Бұл өте үлкен қателік болды. Өйткені біз үшін әлемнің кез келген елімен серіктестік орнату қашанда зор маңызға ие болуы тиіс. Әрине, арақатынас, өзара байланыс әр елмен әртүрлі деңгейде болуы мүмкін, бірақ мүлде қол үзіп кетуге болмайды. «Валдай» пікірсайыс клубының арқасында осы теңгерімсіздікті түзетіп жатырмыз.

Шынар Асанқызы


Хабарламаларға жазылу