ТМД мемлекеттері арасында технологиялық қылмыстар бойынша ақпарат алмасу туралы келісім мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД мемлекеттері арасында технологиялық қылмыстар бойынша ақпарат алмасу туралы келісім мақұлданды

02.10.2019

Үйден шықпай интернеттің көмегімен өзге елдерден ақша ұрлаудың амалын тапқандар көбейіп барады. Бұған себеп, сандық технологиялардың дамуы. Биылдың өзінде осындай 88 қылмыс тіркелген. Ішкі істер министрлігі бұл мәселенің шешу жолдарын депутаттарға таныстырды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. «Бұл қылмыстың алдын алуға, зардап шеккендердің мүлкін тез арада қайтарып беруге мүмкіндік береді»,- дейді мамандар.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

Келісімге қазір 7 мемлекет қол қойды. Осы мемлекеттердің арасында ақпараттық мәліметтер тез жүйеде, телефон арқылы, электронный почта арқылы тағы да басқа коммуникатор арқылы тезірек алмастыру, бір бірімізге мәлімет жеткізу мәселесі осындай.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу