Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

02.10.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады . Мемлекет басшысына Ұлттық банк қызметінің және еліміздегі қаржы нарығының соңғы 9 айдағы жағдайы, инфляцияны нысаналы дәліз шеңберінде сақтау туралы баяндалды. Сонымен қатар жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын іске асыру шаралары, екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жөнінде мәлімет берді. Ерболат Досаев Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысын баяндады. Оның ішінде Президенттің қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес атқарылған жұмыстардың қорытындысын айтты. Президент Ұлттық банк төрағасына қаржы секторындағы жұмыстарды тиімді үйлестіруді тапсырды. 


Хабарламаларға жазылу