Киев Донбасста сайлау өткізуге келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киев Донбасста сайлау өткізуге келісті

02.10.2019

Украина елдің шығысындағы сепаратистермен Донбасстың жергілікті басқару органдарына сайлау өткізуге келісті. Ол туралы құжатқа Беларусь астанасы Минскте қол қойылған. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, бұл шешім Мәскеумен бейбіт келіссөздерді бастауға жол ашуы мүмкін. 

Сайлау Луганск және Донецк облыстарының ресейшіл көтерілісшілер басып алған аудандарында өтуі тиіс. Алайда, президент Владимир Зеленский онда атыс тоқтағанда ғана халықтың дауыс беруге баратынын ескертті. Ал, Мәскеу Украинаның шығысында сайлау өткізуге келісе отырып, өзіне Батыс жариялаған санкцияларды жеңілдетуден үмітті. 

Донбасстағы соғыс 2014 жылы басталды. Содан бері бұл аймақта 13 мың адам қаза тауып, 1 миллионнан астам тұрғын үйлерін тастап кетті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу