Украинаның шығысында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның шығысында атыс болды

19.02.2020

Донбасста қайта оқ атылып, Украинаның бір жауынгері қаза тауып, бесеуі жараланды. Ресми Киевтің мәлімдеуінше, ресейшіл сепаратистер Луганск облысында Украина бақылауындағы елді мекенге шабуыл жасап, төрт адамын жоғалтқан. Ал, көтерілісшілерге сенсек, украиналық жауынгерлер жанжалды бірінші бастап, олардың бақылауындағы территорияға 50 шақты ракета жіберіп, артиллериямен снаряд жаудырды. 

Айта кетсек, бұл қақтығыс Киев пен сепаратистер Донбасста бейбітшілік орнату мәселесін Берлинде талқылауды жоспарлап отырғанда болды.

Президент Владимир Зеленский оқиғаны «арсыз арандату» деп атап, оның бейбіт процесстерді тоқтатуға бағытталғанын мәлімдеді. Ал, Кремль Украинаның шығысындағы соңғы жағдайдан хабардар екенін айтса да, оның себебін білмейтін болып шықты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу