Журналист Ержан Байтілестің «Пенде мен перде» атты кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Ержан Байтілестің «Пенде мен перде» атты кітабы жарық көрді

03.05.2015
Журналист Ержан Байтілестің «Пенде мен перде» атты кітабы жарық көрді

Журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі  Ержан Байтілестің тұңғыш кітабы  жарық көрді. «Пенде мен перде» жинағына журналистің публицистикалық шығармалары топтастырылған.

Ержан Байтілес – 1981 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универвитеті, журналистика факультетінің түлегі.

«Қазақстан», «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы»  газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Республикалық «Ана тілі» газетінде бас редакторының бірінші орынбасары болған. 2011 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі.

«ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен, Мәдениет және ақпарат министрінің, Алматы қаласы мен Қызылорда облысы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 

Хабарламаларға жазылу