Ақын Жәнібек Әлиманның тұңғыш кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Жәнібек Әлиманның тұңғыш кітабы жарық көрді

23.04.2015
Ақын Жәнібек Әлиманның тұңғыш кітабы жарық көрді

Ақын, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Жәнібек Әлиманның «Серт» атты алғашқы жыр кітабы жарық көрді.

«Жанмен бірге дауыс туған. Өмір сүру - дауыс шақыру. Адамзаттың ішкі дауысы пендеуи тірлігімен үйлесе ме?».  Ақын жырларында осы қасиеттер төңірегінде ой қозғайды.

Кітапқа бұрын республикалық баспасөз беттерінде жарияланған «Мен түркі едім», «Муза», «Дауыс», «Бөрі ұлиды» сынды бірқатар өлеңдері енген.

Туынды «TENGRI LTD» баспасынан шықты. 

Біздің анықтама:

Жәнібек Әлиман 1990 жылы 25 мамырда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нілді ауылында дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі, журналистика магистрі. Жұмабек Тәшенов атындағы «Жылдың үздік ақыны» сыйлығының иегері.

Хабарламаларға жазылу