Австралияда жүздеген ұйғыр Қытайдың саясатына қарсы наразылық білдірді
Австралияның Аделаида қаласында жүздеген ұйғыр Қытайдың саясатына қарсы наразылық білдіріп жатыр
Олар Бейжіңнен Шыңжаңда «21-ші ғасыр холокостын» тоқтатуды талап етіп, бүкіл әлемді Қытай билігінің жазалау шараларына қарсы тұруға шақырды. Айта кетсек, бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы осы автономиялық аймақта бір миллиондай мұсылман ұсталғанын мәлімдеген еді.
Америкалық «Саяси тәуекел» журналының хабарлауынша, Шыңжаңда әке-шешесі «кәсіби дайындықтан қайта өту» орталықтарына жіберілген балалар мемлекет қорғауына алынады. Бірақ, сол жеткіншектер баратын мектептерде сабақ қытай тілінде ғана жүргізіледі. Сондықтан, ұйғыр қауымдастығы бұл саясатты «ұйғыр тілі мен мәдениетін жою» деп атап отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді
23.08.2026, 08:04
Сайлау учаскесін онлайн анықтауға болады
23.08.2026, 08:04
Қарағандылықтар таңмен таласа сайлау учаскесіне ағыла бастады
23.08.2026, 08:03
Қазақстан мұнайға тәуелділіктен арылып келеді
23.08.2026, 08:02
Н.Ілиясов ауылының диқандары дауыс берді
23.08.2026, 07:56
Құрылтай сайлауы - жаңа саяси дәуірдің бастамасы
23.08.2026, 07:55