Төлемнің заңдылығы тексерілуде

30.09.2019

Ақтөбе қаласы бойынша отбасы кірісінің кедейшілік деңгейінен асып кетуіне байланысты 678 отбасына әлеуметтік төлем тоқтатылды.

Қазірге дейін олардың сексен үші 7 млд 387 млн 636 мың теңгені бюджетке қайтарып үлгерген. Әлеуметік бағдарламалар бөлімінің мамандары қазір басқаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, облыс орталығында мемлекеттік көмек алатындар саны 8 601 отбасы. Бірінші қыркүйекке дейін оларға 2 млрд 641 млн 885 мың 500 теңге төленген. 

Алтынай Маханова, Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

Мониторинг жүргізу барысында жұмыс беруші тарап жалақыларының 10 пайыздық зейнетақысын кеш аударуы немесе отбасы құрамында бірге тұрып жатқан отбасы мүшелерін жасыруы, сондай мәліметтерге сәйкес, 2042 отбасына қайта есептеу жүргізіліп, артық кеткен қаражатты қайтару жөнінде ескерту хаттары жөнелтіліп жатыр.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу