Елордадағы тұрғын үйлерге жылу беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы тұрғын үйлерге жылу беріледі

30.09.2019
Елордадағы тұрғын үйлерге жылу беріледі

Бүгіннен бастап елордадағы тұрғын үйлерге жылу беріледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram -дағы парақшасында жазды.

«Ауа райына байланысты мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды. Ертеңнен бастап тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды қосуды бастаймыз. Бұл жұмыс бірнеше күнге созылады. Ережеге сәйкес жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градусты көрсетіп, бес күн бойы сақталғанда басталады», деп жазды А.Көлгінов.


Хабарламаларға жазылу