Бүгін Алматыдағы бірқатар үйге жылу берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыдағы бірқатар үйге жылу берілмейді

13.11.2019
Бүгін Алматыдағы бірқатар үйге жылу берілмейді

Бүгін Алматының Алмалы ауданындағы ғимараттар мен тұрғын үйлерге уақытша жылу берілмейді.

«Жылу желілерін тексеру барысында құбырдан ақау шықты. Апаттың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіледі», делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында. 

Атап айтқанда, Төле би, Гайдар, Розыбакиев, Райымбек көшелерінің бойындағы ғимараттар мен үйлерге сағат 12:00 – 20:00 аралығында жылу беру тоқтатылады.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу