Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының саяси форумында сөз сөйледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының саяси форумында сөз сөйледі

26.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен тұрақты даму мәселелері жөнінде жоғары деңгейдегі форумға қатысты. Мемлекет басшысы шараға қатысушы спикерлер арасынан бірінші болып сөз алды. «Тұрақты даму мақсаттары» деп аталатын жаһандық құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің басшылары осыдан 4 жыл бұрын қабылдаған. Онда 2030 жылға дейін жетуге тиіс 17 мақсат және соған жету жолындағы 169 міндет пен 242 индикатор көрсетілген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында тұрақты даму мақсаттарын Қазақстанның белсенді жүзеге асырып жатқанына тоқталды. Құжатта көрсетілген мақсатқа қолжеткізу үшін халықтың үніне құлақ асатын мемлекет құру тұжырымдамасын қолға алғанын айтты. Сондай-ақ, бірнеше ұсынысын ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біріншіден, тұрақты даму мақсаттарына бөлінетін қаржы тиімді жұмсалуы қажет. Екіншіден, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының шөлейттену, жасыл желекті қалпына келтіру, эрозия, тұздану, сондай-ақ әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу маңызды. Мұны Ислам Әріптестік ұйымына мүше 57 мемлекеттің бәрі қолдайды деп сенемін. Үшіншіден, Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму орталығын құруымыз керек. Нәтижесінде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру тек Қазақстанда ғана емес, басқа да Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстанда жеделдей түсер еді.


Хабарламаларға жазылу