Басты Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы егін орағы туралы ақпарат таратты

Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы егін орағы туралы ақпарат таратты

Биыл елімізде егіннің шығымы төмен әрі оның сапасы да сын көтермейді. Элеваторға түскен егіннің 68 пайызы ғана 3-ші класқа сай. Осыған орай, бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде шұғыл селекторлық жиналыс өтті. Қазіргі таңда, 11 миллион гектар аумақ орылған. Бұл жалпы егіннің 71,5 пайызы. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты егінді жинау 10-15 күнге созылып кетуі мүмкін. Әзірге, орақ науқаны тек Түркістан облысында аяқталды. Еліміз бойынша, жиын-терімге 395 мың тонна жеңілдетілген жанармай бөлінгенін айта кетейік.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі:

Біз 1 миллион тонна... Нанның бағасы көтерілуі мүмкін. Ортақ баға шығартқызамыз.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Бөлісу