Азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің жалақысы 65 пайызға дейін, ал Көкшетау техникалық институты оқытушыларының айлығы 25 пайызға өседі. Бұл туралы Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысындағы көшпелі отырысында айтылды. Депутаттар Щучье қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусының жұмысымен танысты. Оқу орнында болашақ әскерилерді дайындау үшін барлық жағдай жасалған. Көкшетаудағы өрт сөндіру бекетінің де материалдық-техникалық жағдайы заман талабына сай. Дегенмен азаматтық қорғаныс саласында білікті мамандар тапшы. Олқылықты жою үшін техникалық институтының мүмкіндішін арттыру керек. Бірақ құтқарушыларды дайындайтын білім ордасы грант санын көбейте алмай отыр. Себебі жағдай жоқ. Тіпті қазірдің өзінде 4 курс курсанттарына жатақханадан орын жетіспейді. Жаңа оқу ғимараты да керек. Қос нысанды салуға 5 миллиард теңге қажет. Депутаттар бюджеттен қаржы бөлуді ойластырмақ.
Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бұл мәселеде әлі түйткілді дүниелер көп екен және әзірше біз ұсыныс күтіп отырмыз. Жобаның сметасын даярлау керек және жобаның негіздемелерін жасау керек. Ол осы институттың басшыларының және министрліктің өз құзырындағы жұмыс. Ал енді жоғарғы палата өкілдерінің заң тұрғысынан жасаған көмегі осы деңгейді әзірге көңіл көншітерлік деп айтуға болады.
Ермек ЕЛБЕРГЕН