АҚШ-та белгісіз біреулер мерекелік кеште оқ атып, екі адамды мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та белгісіз біреулер мерекелік кеште оқ атып, екі адамды мерт қылды

03.07.2023

АҚШ-тың Балтимор қаласында белгісіз біреулер мерекелік кеште оқ атып, 2 адамды мерт қылды. Тағы 28 америкалық жараланған. Олардың үшеуі хал үстінде. Қантөгісті жасағандар кім екені әлі белгісіз. Ол оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Куәгерлердің сөзінше, 20-30 мәрте оқ атылған.


Хабарламаларға жазылу