Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Президент облыстағы ауыл шаруашылығы және индустриялық нысандарын аралайды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізеді.