Нұр-Сұлтанда жалпықалалық сенбілік өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда жалпықалалық сенбілік өтеді

17.09.2019
Нұр-Сұлтанда жалпықалалық сенбілік өтеді

Осы сенбіде, яғни 21 қыркүйек күні Елордада Дүниежүзілік тазалық және ағаш отырғызу күніне орай жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сенбілікке кәсіпорындар, ұйымдар мен жоғары оқу орындары, ортакәсіптік оқу мекемелері, мектепке дейінгі мен жалпы білім беретін мекемелер, денсаулық сақтау және мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Сенбілікке шығатындарға қоқысты жинауға арналған (күрек, тырнауыш) жабдықтар, қолғап пен қаптар беріледі. 

Сондай-ақ, сол күні елордамыз «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады, оған әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн. ерікті қатысады. Акцияның ерекшелігі жиналған барлық қалдықтар (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыпталып, одан әрі қалдықтарды өңдеу зауытына тасымалданады. 

Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударып, айналаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу. Көшелерді және аулаларды абаттандырып, қаланы тазалау жұмысына елордамыздың кез-келген тұрғыны қосыла алады.

astana.gov.kz


Хабарламаларға жазылу