Президент Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады

16.09.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады. Кездесу барысында екіжақты инфокоммуникациялық технология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңа инновациялар мен технологияларды дамытуға және енгізуге баса мән берілетінін айтып, өңірде заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрудың маңыздылығын айтты. Халықаралық электр байланысы одағы Бас хатшысының бағалауынша, Қазақстанда блокчейн, Big Data технологияларын, жаңа сандық қаржы құралдарын пайдалануға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, білім беру және денсаулық сақтау салаларында, мемлекеттік басқару ісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге жақсы мүмкіндіктер жасалған.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу