Қазақстан Президенті Есеп комитетінің төрайымын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады.
Наталья Годунова Президентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты. Аталған қаражаттың 283 миллиард теңгесі 2020 жылы игеріледі.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03