Ұлыбританияда пилоттар 48 сағаттық ереуіл жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда пилоттар 48 сағаттық ереуіл жариялады

09.09.2019

Ұлыбританияның «Бритиш Эйруэйс» компаниясының пилоттары 48-сағаттық ереуіл жариялады. Соның салдарынан 1700-дей әуе рейсі доғарылып, мыңдаған адам сапарға аттана атана алмай отыр. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, бұл - осы сала тарихындағы ең үлкен даулардың бірі. 

Ұшқыштар компания басшылығынан жалақыны көтеруді талап етіп жатыр. Шілде айында олар айлықты алдағы үш жылда 11 жарым пайызға өсіру туралы ұсынысты қабылдамады. Ал, осы мәселені шешуге бағытталған келіссөздер әзірге нәтиже бермей отыр. 

Болжамдарға қарағанда, ереуілден 300 мыңға жуық жолаушы зардап шегуі мүмкін.

Айта кетсек, «Бритиш Эйруэйс» шілде айының басында клиенттері туралы мәліметтер тарап кеткені үшін 230 миллион доллар айыппұл төлеген еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу