Германияда қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуіліне байланысты 55 әуе рейсі доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуіліне байланысты 55 әуе рейсі доғарылды

07.01.2019

Берлиннің Шёнфельд және Тегель әуежайларында қауіпсіздік қызметкерлері 4 сағаттық ереуіл жариялады. Соның салдарынан 55 ұшақ рейсі доғарылып, жүздеген жолаушы сапарға дер кезінде аттана алмады.

Қызметкерлер сағаттық жалақыны 17 еуродан 20 еуроға дейін көтеруді талап етіп жатыр. Алайда, авиациялық порт басшылығы бұған әзірге келіспей отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, кәсіподақтар мен әуежай менеджменті арасындағы айлық жайлы келіссөздер қаңтардың 23-де қайта жанданады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу