Ұлыбританияда медицина қызметкерлері ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда медицина қызметкерлері ереуілге шықты

11.04.2023

Ұлыбританияда кіші медициналық қызметкерлер 4-күндік ереуіл жариялады. Бұл акцияға ондаған мың дәрігер қатысып жатыр. Олардың билікке қояр негізгі талабы – жалақыны инфляция деңгейіне сәйкес 35 пайызға көтеру. Айтуларынша, соңғы 15 жылда олардың еңбекақысы 26 пайызға құнсызданған. Корольдіктегі медициналық персоналдың жартысы – жас әрі білікті дәрігерлер. Олар жұмысқа шықпаса, алдағы төрт күнде ауруханалар 350 мың адамды қабылдай алмауы мүмкін.

Дегенмен, елдің Денсаулық сақтау министрі Стив Барклей: "айлықты 20 мың фунт стерлингке немесе 25 мың долларға жоғарылату туралы талап - ақылға қонымсыз".

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу