Ұлыбританияда «Google» компаниясының қызметкерлері ереуіл жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда «Google» компаниясының қызметкерлері ереуіл жариялады

05.04.2023

Ұлыбританияда «Google» компаниясының жүздеген қызметкері Лондондағы кеңселерде ереуіл жариялады. Олар жұмыстан қысқарту жоспарына наразы. Қаңтарда «Alphabet» компаниясы әлем бойынша 12 мың маманды жұмыстан шығаратынын мәлімдеген еді. Бұл компаниядағы жұмыс күшінің 6 пайызы. «Google» қызметкерлері мұндай жағдайда жұмыс істеуге ынта, көңіл-күй жоқ екенін мәлімдеді. Ал компания қысқартудың ешкімге оңайға соқпайтынын түсінетінін жеткізді. Бұған қоса, қызметкерлермен кездесіп, туындаған әр мәселеге қатысты ашық ақпарат беруге уәде етті.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу