Алтай Көлгінов 49 елордалық түлекке білім грантын табыс етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтай Көлгінов 49 елордалық түлекке білім грантын табыс етті

04.09.2019
Алтай Көлгінов 49 елордалық түлекке білім грантын табыс етті

Жыл сайын әкімнің гранты қаланың жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерi қатарынан жетiм балаларға, балалар үйiнiң түлектерiне, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасының балаларына беріледі. Биыл 49 түлек сертификат иегері атанды. 

«Бұл грант сіздерге білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, жауапкершілік жүктеп отыр. Әрине, ЖОО-на түсу - әр түлектің арманы. Осы орайда біз әкімдік атынан қолдау көрсетуді құптадық. Көбіңіз ҰБТ тапсырдыңыздар, бірақ діттеген балды жинай алмағандарыңыз бар. Бұл жас өркенге мемлекет тарапынан көрсетілетін үлкен мүмкіндік деп білемін. Бүгін сіздер қалаған мамандықтарыңыз бойынша жоғары оқу орнының грантына ие болып отырсыздар», - деді А.Көлгінов. 

inform.kz


Хабарламаларға жазылу