Баланы құтқарған жас түлекке пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баланы құтқарған жас түлекке пәтер берілді

15.07.2022

Жетінші қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарған Есдәулет Дәуітбековке 3 бөлмелі пәтер берілді. Оған үйді елордадағы құрылыс компанияларының бірі арнайы табыстаған.

Сондай-ақ, жас түлекке Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім грантын табыстады. Енді ол Алматыдағы Нархоз университетінде тегін оқиды. Министр Есдәулетке көрсеткен қайсарлығы үшін алғыс білдіріп, бұл әрекеті барлық оқушыға үлгі-өнеге екенін айтты. Ал батыр жігіт бұл әрекетін марапат алу үшін жасамағанын жеткізді.

Еске салайық, Есдәулет Дәуітбеков жетінші қабаттағы терезе алдында тұрғын баланы көрші үйдің балконынан кіріп құтқарып қалған. 

Хабарламаларға жазылу