Алтай Көлгінов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтай Көлгінов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

25.05.2021

Елорда әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдермен бірге коронавирусқа қарсы вакцина алды. Емдеу мекемесінде шаһар басшысы бас қалада егу пунктерінің саны 100-ден асқанын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстарға көшпелі кешендер де тартылған. Жаппай екпе арқылы білім берудің дәстүрлі форматына көшу маңызды, - дейді қала әкімі.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
Вакцина алып, сонда біз есікті ашып, сабақты бастауға болады. Бір жылдан бері онлайн болып жатыр. Күзде біз оффлайнға дайындалуымыз керек. Балалардың білім сапасы төменге түспеу керек.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу