Қазастанда тұңғыш рет Азия елдері қаламгерлерінің форумы өтеді. Шараға 38 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, мемлекеттік сыйлық иегерлері арнайы келе жатыр. Форум ертең басталады. Ұзын-саны 80-ге жуық шетелдік танымал ақын-жазушылар мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын 200-ден астам қаламгерлер 3 күн бойы Азия әдебиетіне ортақ проблемаларды талқылайды. Сонымен қатар бірқатар маңызды шешімдер жасалынады деп жоспарлануда.
Ал жалпы шараның мақсаты — Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, Қазақстанның әдебиеті мен рухани құндылықтарын насихаттау. Форум аясында шетелдік және қазақстандық қаламгерлердің проза және поэзия жанрындағы 2 томдық антология құрастырылмақ. Бұл бастама алдағы уақыттарда да жалғасын тауып, үш жылда бір рет әр мемлекетте өткізіп тұру жоспарлануда.
Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
Азия қаламгерлеріне ортақ бірлестігін құру туралы, әйгілі Нобель сыйлығына балама ретінде Азия елдерінің қаламгерлерінің үлкен Азия атты көлемді сыйлық тағайындау туралы, қаламгерлеріміздің әдеби форумдары мен кітап жәрмеңкелеріне тұрақты қатысуға ықпал жасау туралы келіссөздер жасалатын болады.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ