Қазақстандық 61 қаламгердің туындысы БҰҰ-ның 6 тілінде жарық көреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық 61 қаламгердің туындысы БҰҰ-ның 6 тілінде жарық көреді

04.09.2019
Қазақстандық 61 қаламгердің туындысы БҰҰ-ның 6 тілінде жарық көреді

Қазақстанның 61 қаламгерінің туындылары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тілінде жарық көреді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды. Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы дүниежүзі жұртшылығы ұлттық руханиятымызды танып, білуде. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни, 2,5 млрд оқырманға тарайды», - деді Қ.Тоқаев.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу