Алматыда грепплингтен халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда грепплингтен халықаралық турнир өтеді

06.09.2016
Алматыда грепплингтен халықаралық турнир өтеді

10 қыркүйек күні Алматыда грепплингтен Азия және Мұхит елдері спортшыларының қатысуымен халықаралық турнир өтеді. Жарыста әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынады.

Грепплингтен «ADCC» санатындағы (грепплингтен ең танымал халықаралық ұйым) Азия және Мұхит елдері арасындағы ірі турнир Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Спортшылар 2017 жылы Финляндия астанасы Хельсинкиде өтетін әлем чемпионатының 5 жолдамасы үшін бақ сынасады.

Алматыдағы додаға Азия мен Мұхит елдерінің ең танымал спортшылары қатысады деп күтілуде. Жарысты Қазақстан бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, грепплинг - ережесіз жекпе-жекке ұқсас спорттың бір түрі. Мұнда спортшы қарсыластарына соққы жасап, күш қолданбайды. Грепплингте дзюдо, бразилиялық джиу-джитсу, еркін күрес пен самбо әдіс-тәсілдері қолданылады. «ADCC» санатындағы халықаралық жарыстар 1998 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 

Хабарламаларға жазылу