Марат Тәжин Азия елдері қаламгерлерінің форумына қатысушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Тәжин Азия елдері қаламгерлерінің форумына қатысушылармен кездесті

04.09.2019

Ақордада Қазақстан Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумына қатысушылармен кездесті. Кездесу барысында Марат Тәжин форум Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқанын айтты. Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушылардың назарын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумда сөйлеген сөзінде айтылған негізгі тезистеріне және оларды іске асыру қажеттігіне аударды. Қонақтар жоғары деңгейде және мазмұндық толыққанды ұйымдастырған шараға Қазақстан басшылығына, сонымен қатар қызықты пікірсайыстарға ризашылық білдірді.  

Хабарламаларға жазылу