Президент бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстандағы төтенше және өкілетті елші міндетін қоса атқаратын бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада өткен салтанатты шарада Гана, Гватемала, Дания Корольдігі, Зимбабве, Молдова, Сан-Марино, Словения, Черногория, Біріккен Танзания Республикасы және Фиджи Республикасының елшілері Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Президент дипломатиялық корпус өкілдеріне саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін мәлімдеп, елшілердің жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ аталған мемлекеттердің басшыларына сәлемін жолдады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24