Елбасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалды. Сонымен қатар Елбасына осы уақытқа дейін өткізілген және жыл соңына дейін жоспарланған ауқымды жаттығулар жайы да айтылды. Әсіресе басшылық лауазымдардың санын қысқарту және басқару құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті келесі жылы елордада Жеңістің 75 жылдығы және Отан қорғаушы күніне аралаған Әскери парадтың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Өз кезегінде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан армиясының құрылыс және даму бағдарламаларының орындалуы туралы баяндады.
Нұрлан Ермекбаев ҚР қорғаныс министрі:
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03