Қазақ елінің мысалы билікті демократиялық, ашық жолмен ауыстырудың үлгісін көрсетеді. Ресейдің белгілі қоғам қайраткерлері осындай пікірде. Мәселен, Ингушетия Республикасының тұңғыш Президенті, Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушевтің айтуынша, алдағы Президент сайлауы ашық әрі әділ өтеді деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан қазір Қазақстандағы саяси науқанға, оның айналасындағы көршілері ғана емес, әлемнің барша мемлекеті ерекше назар аударып отыр.
Руслан Аушев, Ингушения Республикасының тұңғыш Президенті, Кеңес Одағының Батыры:
Қазақ елі биліктің демократиялық жолмен ауысатынын баршаға дәлелдеп отыр. Қазір Президент болу үшін бірнеше үміткердің бәсекеге түсіп жатқанын білеміз. Мен Қазақстанда туып-өскен адам ретінде, сіздерде болып жатқан маңызды оқиғаларға бей-жай қарай алмаймын. Сондықтан, алдағы сайлау сәтті өтіп, Қазақстандағы тұрақтылық сақталады, ал даму жалғасады деп ойлаймын.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ