ҰБТ-2019: Ақылы оқу жүйесінде жеңілдіктер алудың қандай жолы бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-2019: Ақылы оқу жүйесінде жеңілдіктер алудың қандай жолы бар?

15.06.2019

ҰБТ-ті 4 рет тапсыруға мүмкіндік бергені жақсы әрине. Бұл барлық үміткер жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндік алады деген сөз. Бірақ осынша адамды қабылдауға оқу ордалары дайын ба? Ұстаздар мен аудитория саны жете ме? Бұл басты мәселе. Қазір айтамыз. Тағы бір түйткіл жатын орын. Әсіресе ауыл-аймақтан келген түлектер жатақханадан орын ала алмай қиналады. Жатын орын таппаған баланың сабаққа селқос болатыны екібастан белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылға дейін кемі 75000 орынға есептелген жаңа жатақханалар салуды тапсырған. Қазір бұл шаруаның шешімін көрсетеміз. Келесі мәселе колледждерде. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы 12 мемлекеттік колледжге 2518 грант бөлінсе, жекеменшік 11 колледжге 925 грант беріліпті. Осы тұста Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сын айтты. Текке емес, грантты қалтасына салған колледждер әрі қарай оның қалай бөлінетінін ешкімге айтпайды, түлектерге арналған емтиханды өздері әзірлеп, өздері қабылдай салады деп, қабақ шытты жауаптылар. Жемқорлыққа  жаны қас мамандарды алаңдатқан тағы бір мәселе, колледждер сұраныс жоқ  мамандықтарға көп грантты бөледі екен, студенттер амалсыз соған көнеді екен. Қажетсіз мамандық алған жасқа біреу қызмет бере ме екен? Бұл да түйіні тарқамаған түйткіл. Тақырып тізгіні Еркін Съезұлында.

Хабарламаларға жазылу