Биылғы мектеп формасы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы мектеп формасы қандай?

08.08.2017

Жыл сайын оқу маусымы басталарда ата-аналарды алаңдататын бір сауал бар. Ол - баласының мектепке дайындығы, соның ішінде мектеп формасы мәселесі. Себебі, өткен жылдарда киімнің түсіне қатысты талаптар үнемі өзгеріп отыратын. Сәйкесінше, ата-аналар да шығынға батып келді. Ал, биылдан бастап елімізде бір түсті бірыңғай мектеп формасы енгізіледі. Яғни, киім реңкі қою көк болуы керек. Бұл - Білім басқармасы қойған талап. Сондай-ақ, оның пішіні мен матасының сапасы жөнінде де нұсқаулықтар бар екен. Ол қандай? Мектеп формасын алуда жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған ба? Жалпы, оны сатып алуға қанша қаржы жұмсалады? Тілші Фариза Мұсақызы зерттеп көрді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу