Мета компаниясын мойындатқан Нұрпейіс оқушыларға жаһанның үздік университеттеріне түсуге көмек көрсетіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мета компаниясын мойындатқан Нұрпейіс оқушыларға жаһанның үздік университеттеріне түсуге көмек көрсетіп жүр

12.01.2024

Шетелдік белді жоғары оқу орындарында білім алудың тағы бір жолы бар. Әлемге әйгілі Мета компаниясында еңбек етіп жүрген маман Нұрпейіс Баймұқан әлеуметтік жоба ашып, қазақстандық оқушыларға жаһанның үздік университеттеріне түсуге тегін көмек көрсетіп жүр. Нұрпейістің өзі Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетін тәмамдаған. Гуглдың Нью-Йорктегі кеңсесінде тағылымдамадан өтіп, бірнеше технологиялық алып компаниядан шақырту алған. Қазір Мета компаниясының Тредс әлеуметтік желісінде еңбек етеді. Ол “Ізбасар” әлеуметтік жобасын ашып, оқушыларға шетелдік университеттерде білім алудың жолын көрсетіп, бағыт-бағдар сілтейді.

Нұрпейіс Баймұқан, Мета компаниясының қызметкері:

6 жыл бойы мен қазір шетелде өмір сүріп жатырмын. Іштей мен әрдайым Қазақстан туралы ойлаймын. Өзімді келешекте Қазақстанда көремін. Өзімнің бір кәсібімді ашып, өзімнің бизнесімді, стартап ашып, Қазақстанға үлкен-үлкен технологияларды алып келу арманым.

Хабарламаларға жазылу