Бүгін - Жеңіс мерекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Жеңіс мерекесі

09.05.2016
Бүгін - Жеңіс мерекесі

Жеңіс мерекесі. Бүгін - ІІ Дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 71 жыл.  

7 жыл бұрын (2009) Қарағандыда жаңа Жеңіс саябағы ашылды.

8 жыл бұрын (2008) Павлодар облысының Лебяжі ауданындағы Аққу ауылында интернационал-жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.

9 жыл бұрын (2007) Семейден 70 шақырым жерде орналасқан Шаған станциясында соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылды.

15 жыл бұрын (2001) Астана қаласында «Отан ана» Отан қорғаушылар монументі ашылды.

24 жыл бұрын (1992) Петропавл қаласындағы бұрынғы Коммунистік көшесіне Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді.

62 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат МӘМИ дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1947) Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының режиссері, ҚР Халық әртісі Ғафиз ЕСІМОВ дүниеге келді.

70 жыл бұрын (1946) журналист Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ дүниеге келді.

179 жыл бұрын (1837-1895) неміс кәсіпкері, «Opel» компаниясының негізін қалаушы Адам ОПЕЛЬ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу