Семейдегі Абай мұражайында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай көрме ашылды
«Абай – менің өмірлік тақырыбым...» Семейдегі Абай мұражайында осындай атаумен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай көрме ашылды. Бұл шара Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ұйымдастырумен қолға алынған. Келушілер бұрын-соңды көпшілікке ұсынылмаған құнды жәдігерлерді тамашалады. Арасында жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер, «Абай жолы» роман-эпопеясының қолжазба көшірмелері бар. Қаламгердің шетелге сапарлаған кезде әкелген кітаптары мен журналдары, шапаны мен костюмін көруге болады. «Абай» журналының түпнұсқасы да көпшілік назарына ұсынылды.
Нұр Мағазбеков, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері:
Бұл көрмеде Әуезовтің Ленинградтағы кезеңі, Ташкенттегі кезеңі. Осы Семей кезеңдеріндегі орын алған тарихи оқиғалар, өзінің ұстаған заттары Әуезовтың өмір мен шығармашылығын жақын тануға өз септігін тигізеді деп білеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: Бүгін - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16.03.2026, 10:15
Ливанда шабуылдан қаза тапқандар саны 800-ден асты
16.03.2026, 10:12
Трамп өзге елдерден Ормуз бұғазын ашуға көмектесуді талап етті
16.03.2026, 10:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
16.03.2026, 10:10
Сарапшы: Жастардың белсенділігі жоғары
16.03.2026, 10:09
Мажарстан Парламентінің депутаты референдум жайлы пікір білдірді
16.03.2026, 10:07
ШЫҰ миссиясы референдумға дайындықты жоғары бағалады
16.03.2026, 10:06
Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады
16.03.2026, 10:05