«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

21.08.2019

Партиялықтар халыққа жақын болуы керек. «Nur Otan» партиясының негізгі ұраны осыған негізделуі тиіс. Бүгін елордада Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Онда ел дамуының негізгі бағыттары талқыланып, «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту жағдайлары қаралды.

Елбасы бірқатар саланың жұмысын сынға алды. Оның ішінде фракцияға бейжай қарайтындар мен әкімдердің селқостығын баса айтты. «Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық індетімен күресуге жаңа тәсілдер қолдану қажет», - деді Тұңғыш Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы:

Партиямыздың дамуының жаңа кезеңге келіп отырғанын бәріміз түсініп отырмыз, біліп отырмыз. Заман өзгерді, жағдай өзгерді. «Nur Otan» еліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бекемдеп, стратегиялық бағыттан ауытқымауымыз үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруымыз керек. Бұл әншейін айтылған сөз емес, Қазақстанның, халықтың ортасындағы ұйымбыз. Егер де мұны орындамасақ, басқа партия келеді орнымызға. Сондықтан жауапкершілікті мықты түсінуіміз керек.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу