Ядролық қауіпсіздік - жаһан тұрақтылығының кепілі.
Алматыда бас қосқан сарапшылардың пікірлері осыған саяды. Мамандардың сөзінше, әлемдегі бейбітшілікті сақтаудың алғышартын ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастау керек. Себебі атом деп аталатын аждаһаға төрткүл дүние бірге қарсы тұрса ғана оң нәтиже шығады.
Осы бағытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ-ның өкілдерімен бірлесіп, бірнеше жобаны іске асырып жатыр. Солардың негізгісі - ағарту жұмысына басымдық беру. Тек азаматтық қоғам қауіпті терең түсінсе, оны болдырмауға түгел жұмылады. Сондықтан әр алқалы жиында айтылған ұтымды ойлар БҰҰ-ның мінберінен көтеріледі.
Медеу Ержанұлы, физика-математика ғылымдарының докторы:
Жасанды интеллект, робототехника деген бар. Осылардың барлығы атом қаруын дамытуға өте белсенді қолданылып жатыр. Біз оның алдын алу үшін қолдан келгенімізді жасауымыз керек.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ