«Тақиялы періште» кинотуындысына - 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тақиялы періште» кинотуындысына - 50 жыл

17.01.2019

31 қаңтарда «Тақиялы періште-2» кинотуындысы көрерменге жол тартпақ. Қазақстанның мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков, продюссер Құсман Шалабаев «Tansholpan»-ның бүгінгі қонағы болды.

Әлімғазы Райымбеков:

Соңғы рет 1974 жылы Мәжит Бегалиннің «От оранған Орал» тарихи романында ойнадым. 10 жыл киноның дәмін татып, халық алдында ойнаған соң «Тақиялы періште-2» фильміне шақырған кезде қуандым. 2015 жылы жігіттер хабарласып, кино сценарийімен танысуды ұсынды.

Содан Жамбыл ауданы Қызыл Әскер ауданына ұжым болып барып, бірінші кадрды бастадық. Қазір кім кино түсірмей жатыр? Бірақ, оның мәні мен маңызы қандай? Қазақтарды, ауылды қыңырайтып көрсетеді. Біздің халық ешкімнен кем емес.

Құсман Шалабаев:

Ғасырда бір туатын Шәкен ағамыздың туындысын жалғастыру оңай емес. Оған үлкен куш пен қуат керек. Екі жылда сценарий жазып, оны зерттеп, кино шығардық. Мүмкін біреу киноны жастарға арналмаған деп ойлауы мүмкін. Алайда, кинода барлығы жастар, ең үлкені осы ақсақалымыз ғана.

 

Толық нұсқасы

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

 

Хабарламаларға жазылу