Ерлан Рысқали: «Ұлы дала сазы» жобасының дүниеге келуі - дәстүрлі өнерге көрсетілген қолдау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Рысқали: «Ұлы дала сазы» жобасының дүниеге келуі - дәстүрлі өнерге көрсетілген қолдау

11.01.2019
Ерлан Рысқали: «Ұлы дала сазы» жобасының дүниеге келуі - дәстүрлі өнерге көрсетілген қолдау

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық арнаның «Ұлы дала сазы» атты жаңа жобасының таныстырылымы өтті.  

«Ұлы дала сазы» бағдарламасының дүниеге келуі - дәстүрлі өнер үшін үлкен қолдау. Бұл - ұлт руханиятына берері мол бағдарлама. Біздің ұлттық өнеріміз қазақтан өзге ешкімге керек емес. Қазақтың келешегі шері мен шаттығын қақ бөліскен қара домбырасының шанағына байланған. Біздің кіндігіміз осыдан үзілмеуі керек..

Дәстүрлі өнердің аудиотриясы тек үлкендер деген қағида - қате. Әлемді аралап жүрген өнерпаз ретінде мен өнер шекара, ұлт, жас талғамайтынын сеніммен айта аламын», - деді шараға қатысқан дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали  

Сонымен қатар, әнші ұлттық өнерді дамытуда БАҚ-тың рөлі зор екенін атап өтті.

«Дәстүрлі ән-күйімізді адамзаттық брендке айналдыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Осы тұста бірігіп жұмыс істесек Өнерпаздар ән-күйді өз биігінен түсірмей орындап беруге әзір. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы да осындай тың дүниелерге бастама болып отыр», деген ойын білдірді.  

Айта кетсек, жаңа жоба Ұлттық арна эфирінен 13 қаңтардан бастап әр жексенбі 21:05-те шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу