«Classic» радиосы концерт өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы концерт өткізеді

14.06.2014
«Classic» радиосы концерт өткізеді
18-маусымда, сағат 19.00-де  Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның Үлкен концерт залында Қазақстандағы классикалық музыканың алғашқы радиостанциясы  «Classic» радиосының 3 жылдығына арналған концерт өтеді.
 
«Classic» радиосы – классикалық толқын» атты кешке Қазақстанның Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, «Камерата Казахстана» мемлекеттік оркестрі,  «Magic of Nomads» этно-джаз тобы, «Қазына» ансамблі мен танымал музыкант, Скандинавияның жоғары бизнес мектебінің оқытушысы Михаил Казиник қатысады.
 
Сондай-ақ, кеште оркестрлік шығармалар мен премьералар ұсынылады.
 
Туған күніңмен,  «Classic» радиосы!
 

Хабарламаларға жазылу