16-17 желтоқсан күндері өткен республикалық «Алтын домбыра» ақындар айтысында 1-орынды иеленген Дидар Қамиев «Tańsholpan» студиясында қонақта болды.
Хабар барысында «Алтын домбыра» жүлдегері биылғы айтыстың ерекшелігі, оған дайындық кезеңі жайлы айтып берді.
«Бұл айтысқа өтудің өтудің өзі қиын, биылғы айтыстардың нәтижесі бойынша іріктеу жүргізілді. Әйтпесе, қазір ақындар өте көп. Барлығы мықты. Бірақ, соның арасынан Астана қаласының 20 жылдығына орай 20 ақын таңдалды. Жалпы, «Алтын домбыраға» қатысу басқа айтыстарға қарағанда қиындау», - дейді ақын.
Сонымен қатар, Дидар Қамиев өзі қай ақынмен айтыста бақ таластырып көргісі келетіні туралы да сөз қозғады.
Дидар Қамиев, ақын:
- Жалпы, қазіргі жас ақындар бірінен-бірі өтеді, өте мықты. Өткенде Сәтпаев қаласында жас ақындар айтысы өтті. Бәрі мықты, бәрі ізденген. Негізі айтыстың деңгейін көтеретін сол ақындар. Сол бауырларымыз аман болса, қазақтың айтысы өлмейді, керісінше өркендейді.
Айта кетейік, биылғы «Алтын домбыраны» батысқазақстандық ақын Жансая Мусина иеленді. Екінші орынды Еркебұлан Қайназар мен Мейірбек Сұлтанхан алса, үшінші орын Ринат Зайытов, Мақсат Ақанов және Рүстем Қайыртайұлына бұйырды.
Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен айтыс елорданың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік мерекесіне арналды. Екі күнге созылған «Алтын домбыра» айтысы биыл жетінші рет өткізіліп отыр.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.