Мөлдір Әуелбекова: Бұл күнді 15 жыл күттім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мөлдір Әуелбекова: Бұл күнді 15 жыл күттім

30.11.2018

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай әнші Мөлдір Әуелбекова «Туған ел» атты ән кешін береді. Сахна жұлдызы «Таңшолпанның» қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен арнайы Елбасымыздың күніне орай алғашқы жеке ән кешім өтеді. Бұл күнді 15 жыл күттім. Армандарымның бірі орындалатын күн. Өзім үшін халық алдында есеп беру концерті.

Кеште шоу, би, тосынсый, дуэттер болады. Халық бұған дейін көрмеген өнерімді көретін болады», - дейді әнші.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу