Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инклюзивті фитнес орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инклюзивті фитнес орталығы ашылды

04.07.2022

Ақмола облысына қарасты Қабанбай ауылында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инклюзивті фитнес орталығы ашылды. Оның негізін қалаушы да ерекше жан. Динара Наумова туғаннан сал ауруына шалдыққан. Өмірге құштар жан өз кәсібін ашу арқылы бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда бір күнде 100-ге жуық бала оңалту курсынан өте алады. Оның айтуынша, орталықты тек жоба үшін емес, адамдарға пайдасын тигізу үшін ашқан.

Динара Наумова, кәсіпкер:

Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Бұл күнді мен 6 жыл күттім. Мен бұл орталықты өзім секілді жандардың денсаулығын жақсарту мақсатында аштым. Оңалту залын ауылдың мүмкіндігі шектеулі барлық азаматтары пайдалана алады. Менде сол жолдан өткемін. Барша мені қолдаған жандарға алғысымды білдіремін. Бүгін 6 жылдық еңбектің нәтижесін көріп отырмыз.

Бұл жоба ел азаматтарының кірісін дамытуға байланысты қабылданған бағдарламаның шеңберінде жүзеге асып отыр. Орталықтың ашылу салтанатына Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып, сәттілік тіледі.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Ол өзінің мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан, 70 шақты азаматтарға жұмыс орнын тауып беруге мүмкіндік туғызып жатыр. Бұл өмірге деген ынта, өмір үшін күрес. Жұмыс жоқ деп қол қуысырып отыратын заман емес. Нақты жігері бар азаматтар, жүрегі бар азаматтар, өмірге ұмтылған азаматтардың қолынан келетін істер. Мұндай бізде нақты дәлеледер аз емес.

Данияр Асылбек

Хабарламаларға жазылу