Елордадағы Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі өтті

01.06.2023

 Астанада «Қазақ радиосы көшесінде - балалар мерекесі» фестивалі өтті.

Мерекелік шараға жас өнерпаздар, қала тұрғындары мен қонақтары ат салысты. Сонымен қатар қазақ ертегілерінің кейіпкерлері фестиваль қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы құрамындағы қазақ радиосы ұйытқы болған фестивальдың мақсаты - балалар мерекесін бірге атап өту. Қонақтар да бұл күнді асыға күткенін айтады.

Бейбарыс Әбдірахым, фестиваль қонағы: 

 Біз бұл мерекені бір жыл бойы  отбасымызбен күткенбіз. Мерекеде балмұздақ жеп, көңілімізді көтереміз.

 Айару Болатбекқызы,  фестиваль қонағы: 

Осы мерекені ұзақ күттім. Себебі інім де, мен де қатты қуанамыз. Балалар күнімен құттықтаймын.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу