«Эксклюзив». Шортанбай Қанайұлына арналған «Зар заман жаршысы» фильмі жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эксклюзив». Шортанбай Қанайұлына арналған «Зар заман жаршысы» фильмі жарық көрді

27.11.2018

Жуырда ұзақ жылғы еңбек, ізденістің нәтижесі «Зар заман жаршысы» атты деректі фильм көрерменге жол тартады.

Кинорежиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омар, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Мансұров,  заң ғылымдарының докторы Қабылсаят Әбішев студия қонағы болды.

Халықты зар илеткен зобалаң заманды жыр еткендердің бірі - ақын Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Қаратау өңірінде, Түркістан жерінде туып, 1881 жылы Қарағанды облысы­ның Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылында өмірден озған. Шортанбайдың өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары мен Бәйіш атты қызы болған. Сыр бойы мен Түркістан аймағындағы ірі дін өкілі Мәді (Маһди) қажы - (Диуана) қожаның ұрпағы Шортанбай жас шағында арабша оқып білім алған. Көкірек көзі ояу, білімпаз Ш.Қанайұлы көрген-білгендерін көңіліне түйіп, санасына орнықтырып отырған. Тәңірдің берген дарынының арқасында ол ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының тарихындағы ірі қоғам қайраткерлерінің бірі болған ақын. Өз дәуірінің өмір шындығын айқын көрсете білген бірден-бір көреген ақын заманның, қоғамның әр саласын кеңінен қамтып, шынайы өмірді көзбен көргендей етіп бейнелеп берген ірі суреткер, өткір тілді жампоз жырау болды.

 

Қалила Омар :

Биыл Шортанбай ақынның 200 жылдығы. Шортанбайтанушы Кәмел Жүніс бүкіл өмірін оны зерттеуге арнаған. Сол кісінің басшылығымен киноэкспедиция ұйымдастырылып, нәтижесінде фильм түсірілді.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу