«Qazaq Radiolary» ЖШС дикторлыққа кастинг жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaq Radiolary» ЖШС дикторлыққа кастинг жариялайды

05.11.2018

«Qazaq Radiolary» серіктестігі «Qazaq radiosy», «Shalqar», «Aстана», «Classic» радиоларының жаршысы атанар, талапты да талантты жастарды анықтау мақсатында дикторлыққа кастинг жариялайды.

Астана қаласының қатысушылары үшін кастинг 23 қараша күні сағат 15:00-де Қонаев көшесі,  4 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығында» өтеді. Қатысушылар 20 қарашаға дейін kazdictor@gmail.com электронды поштасына жеке төлқұжатының суретін жіберуі қажет.

Ал, еліміздің басқа аймақтарынан қатысуға ниет білдірген азаматтар кез келген ақынның бір өлеңін (3 мин) және ақпараттық мәтінді (1 мин) оқып, mp3 форматта, өңдеусіз kazdictor@gmail.com поштасына жіберуі керек. Аудиомәтіндер көрсетілген уақыттан аспауы тиіс.

Кастингке түскен материалдарды іріктеу қарашаның 1-і мен 20-сы аралығында жүргізіледі. 23 қарашада қорытындыланады. Сондай-ақ, қатысушылар жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға төлқұжатының суретін де (екі жағы) жіберуі керек.

Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 8 (717) 2 75 73 12, 75 72 90.  

Хабарламаларға жазылу